Абай облысыҒылымҚазақстанМәдениетҚала тарихыҚоғамСемейТОП

“Үржар ханшайымы” Алматы көрмесінде

Абай облысынан табылған жәдігер ҚР Сурет Академиясының 15 жылдығына арналған ауқымды көрменің көркін ашты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Алматыда өткен көрмеге Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Алматы облысы мен қаласы шеберлерінің 80-ге тарта жұмысы қойылған.  Академияның тәжірбиелі шеберлерінің жұмыстарымен бірге көрмеге жас авторлардың да туындылары қойылған.

Көрме көне заман мен қазіргі күннің байланысын білдіреді. Соның жарқын үлгісі болған  жәдігердің бірі Абай облысында табылған  «Үржар ханшайымы».

Еліміздің шығысында отандық ғылымда сенсациялық жаңалыққа баланған Сақ ханшайымы жерленген қорған Үржар ауданынан табылған болатын. Құнды жәдігерді танымал археолог Темір Смағұлов басқарған экспедицияның мүшелері Таскескен – Бақты жолындағы қорғаннан тапты. Ханшайымның киімін және сәукелесін тарихшы, суретші-рестовратор, Қ. Алтынбеков қалпына келтірген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button