Абай облысында өткен демалыс күндері бес өрт оқиғасы тіркелді

Өткен демалыс күндері Абай облысында көпқабатты тұрғын үйде және жеке жер үй өртеніп, тұрғындардар эвакуацияланды, сонымен қатар үш дала өрті тіркелді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыс аумағында бес өрт оқиғасы тіркелген.
8 қазанда “112” құтқару қызметіне 15 сағат 13 минутта облыс орталығында Морозов көшесінде үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіруші-құтқарушылар оқиға орнына дереу шықты. Келгенде 100 шаршы метрде ашық жалынмен үй жанып, өрт көрші үйдің ағаш шатыр құрылымдарына, сондай-ақ көрші үйдің жазғы ас үйінің шатырына таралғаны белгілі болды. Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Сол күні сағат 23:23-те Уранхаев көшесінде көппәтерлі үйден өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері келгенде үй қатты түтінге оранған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарын құра отырып, құтқарушылар ғимаратты барлау жұмыстарына кірісті. Бірінші буын тұрғындарды эвакуациялады. Осылайша, құтқарушылардың шебер әрекеттерінің арқасында түтінге толы үйден екі әйел мен екі жасөспірімді шығарып алды. Осы уақытта газ-түтіннен қорғау қызметінің екінші буыны өрт ошағын іздеуге кірісті. Барлау барысында иесіз қойма орналасқан жертөледе ағаш конструкциялар мен жеке заттар 6 шаршы метр аумағында жанғаны анықталды.
Өрттің алдын-ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
9 қазанда сағат 16:05-те кезекшінің пультіне Абай облысының Озерка ауылдық округінде Бексұлтан ш/қ учаскесінде (МЖӘ-1-ден 95 шақырым) 47 га алаңда құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, ЖАО-дан жоюға 2 бірліктегі техника мен 10 адам, Абай облысының ТЖД-нан 1 техника мен 5 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 20.00-де толықтай жойылды.
Абай облысының Жарма ауылдық округінде екі құрғақ шөптің тұтануы тіркелді. Сағат 11:25-те кезекші пультіне Қалбатау ауылдық округінің Қорықшар ауылынан 5 шақырым жерде ашық аумақта 60 га құрғақ шөптің жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті жоюға ТЖД-дан жеке құрамнан 12 адам және 4 бірліктегі техника, ЖАО-дан 50 адам және 15 бірлік техника, полиция департаментінен 30 адам және 2 бірліктегі техника жұмылдырылды.Сағат 21:50-де өрт оқшауландырылды.
Сол күні сағат 20:40-та кезекшінің пультіне Жарма ауданының Қапанбұлақ ауылдық округінде алдын ала болжам бойынша 40 га аумақта құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өртті сөндіруге ЖАО-дан 10 жеңіл автокөлік және 40 адам, Абай облысының ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 2 бірліктегі автоцистерна жұмылдырылды. Өртті жою жалғастыруда.
Semeynews.kz