КриминалСемейТОП

Семейлік әйел алаяққа үш миллион теңге берген

Семей қ. ПБ Орталық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 63 жастағы зейнеткер жүгініп, өткен жылдың мамыр айында оның танысы пәтер сатып алу сылтауымен оның қаражатын иемденгені туралы арызымен жүгінді.

Шығын сомасы 2 900 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 44 жастағы әйелді анықтап жеткізді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полиция департаменті шығысқазақстандықтарды бейтаныс адамдарға сенбеуге, күмәнді қызметтер немесе тауар үшін ақша қаражатын бермеуге және аудармауға шақырады.

 

Осы айдарда

Back to top button