Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысының төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды

Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің төтенше жағдайларға дайындығы жөнінде сала мамандарының пірікін тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Естеріңізге сала кетейік,облыс аумағында  биылғы  жылдың 9 айында 726 төтенше жағдай болған.

Облыс басшысы жылыту маусымының басталғанын ескере отырып, қалалар мен аудандардың әкімдіктері, ТЖД, әлеуметтік нысандарда өртке қарсы алдын-алу шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты күшейтуі қажет екенін айтты.

Сонымен қатар өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев келесідей бірқатар тапсырмалар берді:

  • халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерде улы газ датчиктерін орнату қарастырылсын;
  • көлік магистральдарындағы сырғанауларды жою үшін жанар-жағармай және көктайғаққа қарсы материалдар қоры құрылсын;
  • қысқы жағдайда жылыту пункттерінің болуын және жұмысқа дайындығы тексерілсін;
  • жол бойындағы кафелерді жүргізушілер, қар құрсауында қалған жолаушылар үшін қосымша жылыту пункттері ретінде пайдалану туралы келісімшартқа отыру қарастырылсын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button