Абай облысыҚоғамСемейТағайындауларТОП

Абай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Абай облысы әкімінің орынбасары лауазымына Димитрий Гариков тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыстық активке өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Димитрий Александрович Гариков, 1975 жылы 9 маусымда Шығыс-Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында дүниеге келген.

Білімі-Жоғары. 1998 жылы Семей құрылыс техникумын, 2000 жылы Д. Серікбаева атындығы Шығыс Қазақстан техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1998 – 1999 жж. – Бородулиха ауданы Бородулиха ауылының “Тұрмыс қызметі” АҚ кочегары.

1999 – 2000 жж. – Бородулиха МАЗС операторы.
2000 ж. қаңтар – маусымы – Бородулиха ауданы әкімі аппаратының бас маманы.
2000 – 2001 жж. – Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылындағы ЖҚБ меңгерушісі.
2002 – 2006 жж. – “Коммуналдық шаруашылық” мемлекеттік коммуналдық көпсалалы кәсіпорнының бастығы.
2006 ж. қаңтар – маусымы – Шығыс-Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
2006 – 2009 жж. – “ШҚО Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ басшысы.

2009 – 2010 жж. – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары.
2010 – 2011 жж. – “ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы” ММ басшысы.
2011 – 2013 жж. – Семей қаласы әкімінің орынбасары. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау, құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және байланыс мәселелеріне жетекшілік етті.
2013 – 2014 жж. – Курчатов қаласының әкімі.
2014 – 2019 жж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2019 – 2021 жж. – ШҚО “мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы” ММ басшысы.
2021 ж. шілдеден бүгінге дейін – Семей қаласы әкімінің орынбасары.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button