Абай облысыҚоғамПроблемаСемейТОП
Семейде Семмашзаводты оңалту мәселесі көтерілді

Семей қаласындағы Семей машина жасау зауытын оңалту мәселесін реттеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Семмашзавод қызметкерлерімен кездесуінің нәтижесі осындай болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі уақытта кәсіпорын оңалту процедурасынан өтіп жатыр, осыған байланысты қызметкерлерге жалақы төлеу проблемалары туындады. Маусым қыркүйек аралығындағы қарыз шамамен 84 млн теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың жазында сот кәсіпорынды оңалту жоспарын бекітті. Өңір басшысы атап өткендей, жұмыс тобының өкілдерімен мәселе қосымша зерттелетін болады. Мәселе бақылауға алынды.
Semeynews.kz