Абай облысыҚоғамПроблемаСемейТОП

Семейдегі Машзавод қызметкерлері жалақының кешігуіне шағымдануда

Семейде машина жасау зауытының қызметкерлері “Казинженеринг”басшылығына жүгінді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жұмысшылардың айтуынша, төрт ай бойы олар заңды жалақыларын ала алмай жүр. Еңбекақының кешігуі бірінші рет болып тұрған жоқ.

“Бұл жағдай екі жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Сақтандыру да, зейнетақы төлемдері де төленбейді. Біз несие ала алмаймыз. Ағымдағы несиелерді өтеу мүмкін емес. Балаларды мектепке киіндіре алмаймыз. Алдымызда қыс мезгілі, бізде көмір мен отын да жоқ, оларды сатып алуға қаражат жоқ. Жұмысқа баруға да қаражат жоқ.  Жолға ақша жоқ. Медициналық көмекті алу мүмкін емес, өйткені медициналық сақтандыру жоқ, аударымдар жоқ”, – дейді зауыт қызметкерлері.

Олар әлеуметтік желілерде бейне хабарлама жариялап, проблемаларын шешуге көмек сұрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button