Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде көлік өртеніп кетті

Семейде сауда үйінің жанында көлік өртеніп кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қазанда сағат 10:30 шамасында “101” кезекші пультіне “Апрель” сауда үйінің жанында жеңіл автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндіруші-құтқарушылар шықты.

“Құтқарушылар оқиға орнына келгенде 1993 жылғы Volkswagen маркалы автокөліктің ішкі бөлігі, корпусы, қозғалтқыш бөлігі, оң жақ алдыңғы дөңгелегі жанған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі – қауіптілігі жоғары қондырғыны абайсыз пайдалану”, – делінген хабарламада.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button