Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысы Аягөз ауданында кешенді оқу-жаттығулар өтті

Аягөз ауданында басқару органдары, Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия, азаматтық қорғау қызметтері және құралымдарымен кешенді оқу-жаттығулар өткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оқу-жаттығудың мақсаты – ауданның азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.

“Су” КМК аумағында ауданның жоғары дайындықтағы шұғыл әрекет ету жиынтық жасағы салынды. Бірінші кезекте азаматтық қорғау құралымдарының жасақталуы мен жарақтандырылуы, төтенше жағдайлардың туындауы туралы ақпарат беру үшін құлақтандыру және байланыс жүйесінің дайындығы тексерілді.

Азаматтық қорғау қызметтері ТЖ жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады. Кешенді оқу-жаттығу өткізу үшін 3 орын таңдалып, 3 түрлі сценарий дайындалды. Оның ішінде ауданы 80 гектарды құрайтын дала өрті, республикалық автожол учаскесіндегі 20-дан астам автокөлік қар құрсауында қалып қалуы және жол көлік оқиғасы бар.

Сондай-ақ, кешенді оқу-жаттығуда аудан аумағында туындаған ТЖ жою бойынша өткізілген іс-шаралар туралы баяндамаларды тыңдап, кеңес өтті. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, азаматтық қорғау құрылымдары мен қызметтерінің дайындығына баға берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button