Абай облысыҚоғамМәдениетСемейТОП
Жидебайдағы Абай үйі цифрландырылды

Жидебайдағы Абай үйі цифрландырылды. Журналист Динара Сатжан бұл туралы Instagram парақшасында хабарлады, – деп хабарлайды Semeynews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл үйді Абайдың әкесі Құнанбай ХІХ ғасырда салған.
Мұражайда виртуалды экскурсия қол жетімді болды. Қазір мұнда ұлы ойшылдың жеке заттары сақталған. Олардың қатарында араб, парсы, түрік, орыс тілдеріндегі кітаптар, сол жылдардағы фотоқұжаттар, Абайдың үш ішекті домбырасы және тұрмыстық заттар бар.
Semeynews.kz