Семейліктердің жылумен жабдықтау ұйымдарына берешегі 400 млн теңгеден асады
ТКШ-да семейліктердің жылу бойынша қарыздары туралы айтылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семейде қала тұрғындарының жылумен жабдықтау үшін қарыздары есептелді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің хабарлауынша, бүгінгі таңда дебиторлық берешек 400 млн теңгеден асады, оның 180 млн теңгесі – заңды тұлғалардың қарыздары.
«Қазір заңды тұлғалармен борышты сот тәртібімен өндіріп алу мәселесі пысықталуда. Көбісі берешектері толық өтелгенге дейін жылудан ажыратылды. Қазір халықпен үнемі мониторинг және рейдтік іс – шаралар жүргізілуде», – деп түсіндірді ТКШ.
Айта кетейік, қала билігі 29 қыркүйектен бастап жылыту маусымының басталғанын мәлімдеді. Жылу кезең-кезеңімен беріледі. Бірінші кезекте қаланың әлеуметтік нысандары жылумен жабдықтауға қосылады.
Semeynews.kz