Абай облысыБілімҚоғамМәдениетМерекеСемейТОП

Абай облысы Абай ауданында М.О.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойы аталып өтілуде

Бір ғана «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы дүниежүзі классикасынан ойып орын алған, әлем таныған Әуезовтің мерейтойы туған жері Абай ауданында кең көлемде аталып өтілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Үш күнге жоспарланған мерекелік шара “Семей- Бөрілі-Қарауыл” бағытында кезең- кезеңімен тойлануда. Жазушының мерейтойы Мұхтар Әуезовтің әке-шешесі Омархан мен Нұржамалдың кесенесіне барып құран бағыштаудан басталды.

Ауқымды шараға Тұрсын Жұртбай бастаған ғалымдар мен Абай облысы әкімдігінің өкілдері қатысуда.

Ең ауқымды шара Абай ауданында жоспарланғандықтан,  іскер азаматтар мен қарапайым халықтың қолдауымен Кеңгірбай биге ескерткіш орнатылды. Сондай-ақ, жаңартылған “Еңлік-Кебек” кесенесінің салтанатты ашылуы болды.

Кемеңгер жазушының мерейтойы туған жерінде үш күн бойы тойланбақ. Шара барысында, қазақша күрес, аламан бәйге, жорға жарыс, ғылыми конференция, футбол, гала концерт өткізу жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button