Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде жылу көздеріне көмір жеткізілуде
Семей қазандықтарына шұғыл түрде көмір жеткізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz “Теплокоммунэнерго”МКК-на сілтеме жасап.
“Теплокоммунэнерго” МКК 2022 жылдың 29 қыркүйегінде облыс орталығында жылыту маусымы басталатынын хабарлады.
“Барлық жылу көздеріне көмірді жедел тасымалдау жүзеге асырылуда. Бірінші кезекте әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету объектілері қосылады, содан кейін көп пәтерлі үйлер мен жеке сектор (орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылған) қосылады”, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Семейде алғашқы қар жауды және қала билігі жылыту маусымының басталғанын мәлімдеген болатын.
Semeynews.kz