Абай облысыҚоғамСемейТОП
29 қыркүйектен бастап Семейде жылыту маусымы басталады
Семей билігі жылыту маусымының басталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Алдағы уақытта сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының төмендеуіне байланысты Семей қаласының әкімдігі 2022 жылғы 29 қыркүйектен бастап жылумен жабдықтау жүйесін іске қосуды бастау және қала нысандарын жылумен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Бірінші кезекте жылумен әлеуметтік нысандар (балабақшалар, мектептер, ауруханалар және т.б.) қамтамасыз етіледі”, — деп түсіндірді қалалық әкімдікте.
Сонымен қатар, әкімдікте нысандарды қосу кезең-кезеңмен жүргізілетінін нақтылады. Айта кетейік, 29 қыркүйекте облыс орталығында алғашқы қар жауды.
Semeynews.kz



