Абай облысының құтқарушылары Көкпекті ауданындағы өртпен үшінші күн күресуде
Абай облысында дала өртімен күрес жүріп жатыр, өрт аумағы 210 гектарды құрады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 қыркүйек күні сағат 18:35-те кезекші пультіне Көкпекті ауылдық округінің әкімінен Көкпекті ауылынан 73 шақырым жерде “Қара кілт” учаскесінде құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына 15-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушылары дереу шықты.
“Белгілі болғандай, болжам бойынша 45 га ашық аумақта құрғақ шөптің өртенуі орын алды. Қазіргі уақытта тілсіз жауды жоюға Абай облысы ТЖД, “Семей Орманы” резерватының, ЖАО және ӨКМ қызметкерлері жұмылдырылды. Барлығы 100 адам және 13 бірлік техника”, – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
27 қыркүйек күні сағат 06:00-де өрт аумағы 210 га құрады, өрт жаяу тәртіпте жүргізіледі, себебі бұл учаскеде таулы, жартасты жер және техниканың өтуі мүмкін емес. Ауылдық елді мекендерге қауіп жоқ.
Semeynews.kz