Абай облысыҚазақстанҚоғамМәдениетСемейТОП

Абай облысынан келген Ырысгүл Қайратбек – “Бала дауысы”-2022 жеңімпазы

Семей қаласынан келген 11 жасар Ырысгүл Қайратбек 23 қыркүйек күні Алматы қаласының Оқушылар сарайының сахнасында өткен “Бала дауысы” ұлттық балалар ән байқауының 7-ші маусымының Гран-при иегері атанды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Бала дауысы” 7-ші маусымының финалында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 8-12 жас аралығындағы 18 талантты орындаушы өнер көрсетті. 3 мыңнан астам жас вокалистер қатысқан іріктеу турынан сәтті өтіп, Ырысгүл финалдық концертте оркестрдің сүйемелдеуімен “Жүрек үні” композициясын орындап, құрамына қазақстандық эстраданың танымал әртістері Әли Оқапов, Зарина Алтынбаева, Айри және Аян Бірбаев кірген кәсіби қазылар алқасынан ең жоғары баға алды.

“Ырысгүл бір әнде вокалдық өнердің техникалық тәсілдерін тамаша меңгергенін көрсете отырып, өз дауысының барлық сұлулығы мен күшін көрсете алды, – деп атап өтті байқаудың музыкалық продюсері Даянияр Өтеген. “Жандану әлемі” қорының және байқаудың барлық шығармашылық командасының атынан Ырысгүл ата-аналар мен педагогтарға зор алғысымды білдіргім келеді! Алда біздің барлық финалистеріміз сияқты музыкалық Олимптың жаңа шыңдары тұратынына сенімдіміз!».

Семей қаласының №23 мектебінің 5 сынып оқушысы Ырысгүл Қайратбек Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінде оқуға грантқа және Диснейленд ертегісіне ұмытылмас саяхатқа жолдамаға ие болды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button