Абай облысыҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейлік театр Гран-при иегері

Оралда І республикалық моноспектакльдер фестивалі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Фестиваль көптеген қазақстандық театрлардың өкілдерін біріктірді. Оған біздің жерлестеріміз де қатысты.

Абай облысының “Дариға-ай” жастар театры фестивальде Шыңғыс Айтматовтың “Ақ кеме” повесі бойынша “Ізде” спектаклін ұсынды. Театр әртістері көрермендердің ықыласына бөленіп қана қоймай, фестивальдің Гран-приін де жеңіп алды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button