Абай облысыДенсаулықҚоғамСемейТОП

Семейде оңалту орталығының құрылысы аяқталу алдында

Абай облысында салынып жатқан 150 орынға арналған оңалту орталығын жыл соңында аяқтау жоспарлануда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 26 сәуірде облыс жұртшылығымен болған кездесуіндегі берген тапсырмасы бойынша, 2021 жылы Семей қаласындағы «Қарағайлы» ықшам ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орынға арналған оңалту  орталығының құрылысы басталды.

Аталған орталықтың құрылысы ядролық сынақтардан зардап шеккен өңір тұрғындарын оңалту шараларымен қамту арқылы тұрмыс сапасын арттырып, қоғамдық өмірге ат салысуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жаңадан 211 жұмыс орыны ашылады. Оңалту орталығында денешынықтыру-сауықтыру аймағы, үстел ойындары, теннис, бадминтон, гимнастика, шағын футбол алаңдары бар. Сонымен қатар оқу залы бар кітапхана,  емдік бассейн, спорттық және жиналыс залы салынған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button