Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейлік құтқарушылар науқасқа көмектесті

Құтқарушылар төтенше жағдай туындаған кезде ғана емес, адамдар әртүрлі жағдайларда өтініш білдірген кезде де көмек көрсетеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мәселен, 26.09.2022 жылы кезекші пультіне өз бетінше қозғала алмайтын 1983 жылы туған ер адамды тасымалдауға көмек көрсету туралы өтініш түсті.

1-МӨСБ қызметкерлері құтқару зембілдерінің көмегімен екінші қабаттан аяғы сынған және белі жараланған ер адамды түсіріп, көлікке отырғызуға көмектесті. Бұдан кейін ер адам медициналық тексеруден өту үшін Астанаға жолға шықты.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button