Семейде Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының гастрольдері өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетінің «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Абай облысының орталығы Семей қаласында гастрольдік сапар өткізеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Гастрольдік тур аясында Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары елордалық театр репертуарындағы ең үздік спектакльдерді көре алады.
Таласбек Әсемқұловтың “Құнанбай” драмасы (режиссері – Болат Ұзақов);
Х.Алтай, Х.Оралтай “Алтайдан ауған ел” драмасы(режиссері – Фархат Молдағали);
Шыңғыс Айтматовтың “Қызыл орамалды шынарым” лирикалық драмасы (режиссері – Талғат Теменов);
Серік Тұрғынбекұлы “Шәмші” элегиясы (режиссері – Болат Ұзақов);
О.Бөкейдің “Ұйқым келмейді” драмасы (режиссері-Базил Сұлтанғазы);
Балаларға арналған “Бразилия қазынасы” ертегісі.
Спектакльдер Абай атындағы театр сахнасында қойылады.
Semeynews.kz