ӘлемҚазақстанҚоғамТОП

Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас ассамблеясының 77-сессиясына қатысуға дайындалуда

БҰҰ Бас ассамблеясының 77-сессиясына қатысушылар соңғы бірнеше айдың ішінде әлемдік саясатта пісіп-жетілген ең өзекті мәселелерді талқыға салады. Сессия жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Бұл туралы ҚР Президенті Телерадиокешенінің «Үш сауал» жобасының қонағы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің атап өтуінше, Бас ассамблея алаңында бейбітшілік пен соғыстарға, басқаша айтар болсақ, халықаралық қауіпсіздіктің барлық нормаларының сақталуына жауапты жалғыз халықаралық жаһандық ұйым ретінде БҰҰ қызметін жақсарту жайы да талқыға түсетін болады.

«Әдеттегідей қыркүйек айының соңында барлық елдің көшбасшылары Нью-Йоркке, БҰҰ штаб пәтеріне бүкіл ғаламшар үшін маңызды бейбітшілік пен соғыс, халықаралық қатынастар, жаһандық жылыну мәселелерін талқылау үшін жиналады», – деді Еркін Тұқымов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button