
«ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ басшысының қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАҚпарат Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021 – 2022 ж. аралығында қызмет мүддесіне қайшы, пайда табу мақсатында рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып түсетін (артық тиеумен) кенді тасымалдаумен айналысатын үлестес ЖШС-ны әкімшілік жауапкершіліктен алып тастаған. Бұл өз кезегінде бюджетке 65,5 млн. теңге сомасында алымдар түспеуге әкеп соқты» делінген хабарламада.
17 қыркүйекте Өскемен қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Semeynews.kz