Семейде қала күні аспалы көпір астындағы қоғамдық орын ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Аспалы көпір астында қала тұрғындары және қонақтары демалыс уақыттарын өткізулері үшін жаңа демалыс орны ашылды. Онда уоркаут алаңы, скейт парк, паркур алаңдары жасалған.
Көпір асты алаңы бірнеше бөлікке бөлінген. Стритболға арналған спорттық аймақ, фитнес аймақ және балалар ойын алаңы.
Ертіс жағалауына жақын маңда тамақтану павильондары жұмыс істейді. Оның бәріне жарық пен көше жиҺазы қойылған.
Жалпы қала бойынша биыл 12 жаңа қоғамдық орындар жасалатын болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай марафоның нәтижесі шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Semeynews.kz