Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Абай облысында заңсыз жүріп-тұрған 6 шетелдік анықталды

Абай облысында заңсыз жүріп-тұрған 6 шетелдік анықталды, – деп хабаралайды Semeynews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 қыркүйекте Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде базарларды, уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының тұрғылықты жерлерін, сондай-ақ құрылыс объектілерін тексерді.

Ертіс қонақ үйіне жүргізілген тексеру барысында облыс аумағында уақытша тұруға рұқсат берілмеген, қай кезден бастап тұрып келе жатқандары белгісіз Өзбекстанның алты азаматы анықталды.

Аталған бұзушылықтар үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4, 5-бөліктері бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке 518-баптың 2-бөлігі бойынша 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде, сондай-ақ 519-баптың 1-бөлігі бойынша 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде ҚР азаматы тартылды. Көші-қон қызметі ХҚКО-да еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алғаннан кейін ҚР-да уақытша тұруға рұқсатты да ресімдеу қажет екенін естеріңізге салады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button