Абай облысыҚоғамНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРСемейСпортТОП
Семейде І-ші жыл сайынғы дәстүрлі балалар футбол турнирі өтеді

18 қыркүйек күні Абай облысының құрылуы мен қала күніне және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай I-ші жыл сайынғы дәстүрлі балалар футбол турнирі өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Спорттық мерекеге қаланың футбол мектептерінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ арнайы шақырылған жұлдызды қонақтар қатысады! Баршаңызды «Спартак» стадионында күтеміз.
Қонақтар мен қатысушылар үшін арнайы фотоаймақ жұмыс істейді, онда Сіз тек естелік суретке түсіп қана қоймай, сонымен қатар ең ерекше фотосурет үшін сыйлық ала аласыз. Мұнда Сіз көптеген жаңа және қызықты нәрселерді үйренесіз және әртүрлі байқауларға қатыса аласыз. Келіңіздер, көріңіздер!