Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде 1 қазаннан бастап «Сергек» жүйесі іске қосылады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыстық ситуациялық орталықта болып, орталықтың жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мамандар әкімді ситуациялық орталықтың жұмысымен таныстырып, 1 қазанда Семейде «Сергек» жүйесі іске қосылатынын айтты. Қала бойынша барлығы 1 551 бейнекамера орнатылған. Бұл ретте олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеуге бағытталатын болады.

«Қазір біз тестілік режимде тәртіп бұзушыларды анықтай аламыз. Кейбір материалдар қазірдің өзінде бақылануда. Деректер сервер базасында сақталады. Жүйе 1 қазаннан бастап іске қосылатынын атап өткім келеді. Тұрғындар жылдамдықты асыратын, қауіпсіздік белбеуінсіз көлік басқару, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету, жолақтардан өтіп кету сынды барлық бұзушылар туралы хабардар болғаны жөн. Бұл бұзушылықтардың барлығы тіркеліп, бірыңғай орталыққа беріледі, яғни бұзушылар жазаланатын болады», – деп түсіндірді Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Димитрий Гариков.

Сонымен қатар, «Көмек 109» іске қосылады. Бұл қызметте қаланың барлық авариялық коммуналдық қызметтері шоғырланатын болады. Алдағы уақытта бейнекамералар облыстың аудан орталықтарында да орнатылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button