Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

ҚР ТЖМ вице-министрі Абай облысының өрт сөндірушісі М.Шапағатовқа орден табыстады

Вице-министр Марат Күлдіков және Абай облысының ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жатқан Амангелді Тұрлыбековтың жағдайын біліп, ІІІ-дәрежелі «Айбын» орденін табыстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қызметкердің қазіргі жағдайы қалыпті, бірақ әлі де ауыр.

Сапар барысында Жарма ауданы Шар қалалық ауруханасында барып, әр түрлі дәрежедегі күйік алған 22-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрлан Сәлімжанның жағдайын біліп қайтты. Құтқарушыға мемлекеттік награда «Ерлігі үшін» медалі табысталды.

Сонымен қатар, Бақыршық әскери-құтқару бөлімшесінің маманы Қуат Байғазиновке облыс әкімінің алғыс хаты жолданды. Жарма ауданында болған дала өрті кезінде Қуат Байғазинов өрт сөндіруші Айдос Тоқызбаевқа жедел жәрдем мамандары келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button