Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың жұбайына орден табысталды

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің жұбайына ІІІ дәрежелі “Айбын” ордені мен пәтер сертификаты табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев және ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады. Сонымен қатар, 3 бөлмелі пәтердің сертификаты да берілді. Айдос Тоғызбаевтың өртпен күрес кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі ұмытылмайды.

  • Айдос Тоғызбаевтың батылдығы мен батырлығы, қайсарлығы мен өз қызметіне адалдығы баршамызға үлгі-өнеге болып қала бермек. Антына адал, Айдос бауырымыздың бойында  дәл осындай қасиеттердің болғанына осы ерлігі дәлел. Мен, Абай облысы тұрғындарының, және жеке өзімнің атымнан марқұмның жолдасына, туған туыстарына тағы бір мәрте қайғырып көңіл айтамын, – деді Нұрлан Ұранхаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button