ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да ломбард менеджері 12 млн теңгеден астам қаржыны иемденіп алған

ШҚО-ның облыс орталығындағы ломбардтардың бірінде ірі көлемдегі ақша қаражатын талан-таражға салған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаладағы ломбардтардың бірінің директорынан өтініш келіп түскен. Ол өзінің қызметкері ойдан шығарылған, сәйкес келмейтін кепіл билеттерін пайдалана отырып, кассадан 12 500 000 теңгеден астам ақшаны иемденіп алғанын айтқан.

“Күдікті анықталды және ұсталды. Ол ЖШС-нің 37 жастағы менеджері. Жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. оның айтуынша ол өзінің материалдық жағдайын жақсартқысы келген.

Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген ведомсвто хабарламасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button