Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 139 жыл толды. Музейдің туған күніне орай «Музей балалар көзімен» шарасы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бағдарлама бойынша балалардың шығармашылық дарыны мен зияткерлік қабілетін ұштастырып дамытуға, музей мен өңір тарихына деген қызығушылығын арттыруып білім қорын толықтыруға бағытталған «Асфальтқа сурет салу», «Тарих пазлдары», «Музей жәдігерлерінің құпиясы» деп аталатын ойындар мен викториналар өткізілді.
Мерекелік тарту ретінде жас талант иелерінің қатысуымен шағын концерт те ұйымдастырылды. Шара соңында ойынға қатысқан барлық оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды.
Еске сала кетейік, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты XIX ғасырдың 50-жылдарында, шамамен, 1856 жылы генерал-губернатор Проценконың бұйрығымен салынған. Сәулетшісі белгісіз. Революцияға дейін бұл үйде әскери губернатор тұрған. Совет өкіметі орнағаннан кейін бұл ғимарат Бостандық үйі деп аталған. Мұнда Семей қаласының алғашқы Совдепі орналасқан. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде контрреволюциялық бүлік шықты. Ақ гвардияшылардың терроры кезінде ғимаратта ақ гвардияшы әскерлер орналасты. Совет өкіметі қалпына келтірілгеннен кейін, бұл ғимаратта шаруалар корпусының саяси бөлімі, одан соң Семей әскерлер тобының штабы орналасты.
Музей 1883 ж. Абайдың жақын досы Е П. Михаэлистің бастамасымен Семей облысындағы статистика комитеті жанынан ұйымдастырылған. 1902 ж. музей Орыс география қоғамы Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің қарамағына беріліп, жұмысы жандана түсті. Музейде құрылған күнінен бастап Семей облысы тарихын, әлеуметті-экономик , мәдени өмірін,тұрмы салтын, табиғатын жан жақты көрсеткен археолог. Тарих , этнография, тау кен өнеркәсібі палеонтология Қытай бөлімдері жұмыс істейді. Музейде, негізінен Семейге саяси жер аударылып келген адамдар қызмет атқарды. Музей құру ісіне А. А. Блэк, А. А. Леонтьев, Н. Я. Коншин, ағайынды Белослюдовтар, П. Р. Лобановский т. б. белсене қатысты. Археология бөлімінің ашылуына Михаэлистің улесі зор болған. Ол Семей облысында жүргізген қазба жұмыстарының бай археол. коллекциясын осы бөлімге табыс еткен. Музейдің этнография бөлімінің экспонаттары бірнеше рет Ресейдің үлкен қалаларына апарылып, көрмеге қойылған. Музей жұмысына Абай да белсене қатысып, өз тарапынан ақыл-кеңестерін беріп, қазақ халқының 50-ден астам тұрмыстық-ұлттық бұйымын тапсырған. 1885 ж. Сібірді зерттеу мақсатымен келген Американ саяхатшысы, журналист Дж. Кеннан мен суретші Фрост музейде болып, Абай тапсырған заттарды суретке түсіріп алған («Семипалатинские областные ведомости», 1908, № 19, 10 мамыр). Суретші Н. И. Крутильников 1924 ж. музейге өзі салған «Абай портретін» тарту еткен. Музейдің көрме залдарында Абайға арналған бұрыш жұмыс істейді.
Semeynews.kz