Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысының екі ауданында дала өрті орын алды

️Абай облысында Жарма және Бесқарағай аудандарында дала өрттері орын алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Жарма ауданының Шалабай ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы тіркелді. Оқиға орнында ТЖБ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істейді. Қалбатау ауылынан 1 автобус жолға шықты. Өрт болған жерде Жарма ауданының ТЖБ бастығының міндетін атқарушы шықты.

Сонымен қатар, Бесқарағай ауданында өрт ошақтары да тіркелді. Біреуі жойылды, екіншісі-оқшауланды.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жедел штаб отырысын шұғыл түрде өткізді. Ол ТЖД-ға жағдайды бақылауда ұстап, қосымша техника жіберуді тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button