Абай облысының әкімі Татарстан мемлекеттік кеңесінің төрағасымен кездесті
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде мәдени ынтымақтастық туралы ғана емес, екі елдің экономикалық әлеуетін ескере отырып, экономикалық серіктестік үшін жағдай жасау туралы сөз болды.
“Сабантуйды Семей қаласында өткізу көнеден келе жатқан жақсы дәстүр. Бұл жаңа Абай облысындағы алғашқы мереке. Біздің достық, бауырластық байланыстарымыз экономикалық ынтымақтастыққа ұласады деп үміттенемін. Бізге Казандағы абаттандыру тәжірибесі өте қызықты. Осы салада да жұмыс істейтін боламыз”, – деді Нұрлан Ұранхаев.
“Біздің халықтарымыз бейбітшілік пен келісімде өмір сүргені құнды. Біз үшін Казанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келген кезде қол жеткізілген уағдаластықтарды бекіту өте маңызды”, — деп атап өтті Татарстан Республикасы мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшин.
Semeynews.kz