Абай облысында интимдік қызмет көрсеткен 8 әйел анықталды
Абай облысында интимдік қызмет көрсеткен 8 әйел анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 7-9 қыркүйек аралығында өткізген “STOP-трафик” жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында облыс орталығының аумағында орналасқан екі жердегі боди массаж салондарында жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды анықтады.
Интимдік массаж қызметін көрсететін қыздар Алматы қаласының, Қарағанды, Павлодар облыстарының тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың жеке басын анықтау үшін үш бойжеткен қабылдау бөлмесіне орналастырылды. Барлық бойжеткендер қылмыстық есепке қойылды.
Қазіргі уақытта притондар анықталған үй-жайлардың меншік иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабына сәйкес құжаттарды жинау жүргізілуде. Осы баптың санкциясымен 100 АЕК немесе 300 мың теңгеден астам айыппұл соммасы қарастырылған.
Semeynews.kz