Семейде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған көрме ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік музей-қорығында 9 қыркүйекте “Абай — менің өмірлік тақырыбым…” атты көрменің ашылуы өтті. Бірегей экспонаттар алматылық “Әуезов үйінен”әкелінді.
“Көрмеге көрнекті ғалым, жазушы Мұхтар Омарханұлының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар мен мәліметтер қойылды. Бұл “Абай жолы” роман-эпопеясының қолжазба көшірмелері, шетелдік іс — шаралардан әкелінген кітаптар мен журналдар, шапан мен костюм, сондай-ақ “Абай” түпнұсқалық журналының аудармалары бар”, – деп түсіндірді музейде.
Көрменің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер, мектеп оқушылары, музей саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Көрме 12 қыркүйекке дейін жалғасады. Semeynews.kz
Semeynews.kz