Абай облысыҚоғамСемейТОП

Онлайн режимде Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясы ZOOM бейнеконференция режимінде өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Күн тәртібіне 4 мәселе қойылды:

Бірінші сұрақ – “Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы”. Мәслихат депутаттары Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 17/112-VII “Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,091 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі” шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады.

“2022 жылға арналған кондоминиум объектілерін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы” екінші мәселені қарау барысында Семей қаласының мәслихаты бір шаршы метр үшін 35 теңге сомасын бекітуді шешті.

Одан әрі мәслихат депутаттары Абай облысы Семей қаласы мәслихатының Регламентін және мәслихат аппаратының құрылымын қайта бекітіп, “Семей қаласы мәслихатының аппараты” атауын “Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты”деп өзгертті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button