Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейліктер белсенді түрде қан тапсыруда

Өрттен зардап шеккен жандарға қан қоры жеткілікті. Бұл туралы бүгін  Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Марат Сандыбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, кеше өрттен зардап шеккен жерлесіміз, Амангелді Тұрлыбековке жанашыр халық қан өткізген болатын.

– Қан қорының  толыққанын, сондай-ақ қан компоненттерінің жеткілікті мөлшерде екенін хабарлағым келеді. Сіздердің тапсырған қаныңыз тек өрттен зардап шеккендерге ғана емес, сонымен қатар біздің облыстың клиникаларында емделіп жатқан көптеген басқа да науқастарға  көмектеседі, – деді Марат Сандыбаев.

Десе де қанды ерікті түрде тапсырушыларға арнайы медициналық пунктер жұмыс істеп тұр.

Қан тапсыруға ниеттілерді Семей қаласының қан орталығы – Сеченова 4 мекенжайы бойынша  күтеді. Анықтама телефоны-42-15-34.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button