Абай облысыҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейдегі Достоевский атындағы театр екі беделді фестивальге қатысады

Достовеский атындағы орыс драма театры елордада өтетін екі беделді фестивальға қатысады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Елордада халық әртісі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған XXVIII театр фестивалі өтеді. 23 қазан күні Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының үлкен сахнасында Семей қаласындағы орыс драма театрының ұжымы Мәскеуден келген Константин Денискиннің режиссурасымен қойылған “Кішкентай ханзада” спектаклін көрсетеді. Бұл жарқын және ерекше көрініс, ол елдің басты сахнасына сәйкес келеді!

26 қазанда әртістер петерборлық режиссер Рачи Махатаевтың көрермендер арасында зор табысқа ие болған “Тартюф” спектаклін қойып, бұдан да асып түспек. Өткен жылы Көкшетау қаласында өткен ТеАrt-Көкше III Халықаралық театр фестивалінің Гран-приін алған театр биылғы фестивальде құрметті қонақтар болып табылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button