Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Өткен тәулікте Абай облысында 5 дала өрті тіркелді

Абай облысында Үржар, Абай, Жарма аудандарында, Курчатов қаласында, Ақбұлақ ауылдық округінде құрғақ шөптің өртену фактілері тіркелді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Абай облыстық ТЖД өткен брифингте Департамент бастығы Манарбек Шапағатов айтып өтті.

“ТЖД барлық әкімдіктермен және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, халық пен ауыл шаруашылығы ұйымдарының ормандар мен дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауы, өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауға алды. Облыстың барлық аудандарында кең ауқымды алдын алу шаралары жүргізілуде. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері қабылданған шараларға қарамастан, Абай облысының аумағында жалпы ауданы 611 га 209 орман өрті, ауданы 48 га бір дала өрті және ауданы 3894 га 237 дала өрті тіркелді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталуда, азаматтар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы және дала аймағында болуды шектеуі қажет”, – деп атап өтті облыстық ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов.

Үржар ауданы

Қарабұлақ ауылынан 18 шақырым жерде, “Шаған-тоғай” учаскесінде құрғақ шөптің жануы туралы ақпарат 6.09-да 8.00-де келіп түсті.  Өртті сөндіру кірме жолдардың болмауымен және таулы жердің күрделі рельефімен қиындатылған.  Қатты жел мен қатты ыстықтың салдарынан өрт болжам бойынша 5000 га аумаққа жайылды.

ТЖД жедел штабының жұмысы ұйымдастырылды.  Жоюға 286 адам және 19 бірлік техника тартылған.

Өрттің елді мекендерге өту қауіп жоқ.

Абай ауданы

06.09.2022 жылы сағат 15-23-те кезекші пультіне Тоқтамыс ауылдық округінің “Таутан бұлақ” учаскесінде далада құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Қазіргі уақытта өрт болжам 300 га аумаққа жайылды.

Оқиға орнында 153 адам және 27 техника жұмыс істеуде (Абай облысы ТЖД және ЖАО қызметкерлерімен біресіп ртті сндіруде).

Сөндіру кірме жолдардың болмауымен және күрделі таулы рельефпен, сондай-ақ осы жерде қатты желдің салдарынан қиындады.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Курчатов қаласы

06.09.2022 жылы 23.17-де Курчатов қаласының ашық аумағында құрғақ шөп жанып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Табиғи өртті жоюға азаматтық қорғау құралымының күштері мен құралдары тартылды.

Оқиға орнында Курчатов қаласындағы “ҚР ҰЯО” авариялық – құтқару құрамасынан 4 адам және 1 Автоцистерна жұмыс істеді. Өрт 07.09.2022 жылы 02.01-де толығымен жойылды.

Өртенген аумақ – 40 га құрады

Зардап шеккендер жоқ.

Жарма ауданы

07.09.2022 жылы сағат 10.49-да Жарма  ауданында Бірлік ауылдық округінде Маршан учаскесінде құрғақ шөп жанып жатқаны туралы ақпарат түсті.  Қатты желдің салдарынан өрт шаруа қожалығының аумағына өтті, онда сарай, шөп өртенді. Ауданы мен шығын анқталуда. Оқиға орнында облыстық ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде.

Семей қаласы (Ақбұлақ ауылдық округі)

Семей қаласының аумағында да құрғақ шөптің жануы тіркелді. Өрт Ақбұлақ ауылдық округінде болды.  Ашық аумақта құрғақ шөп өртенді.

Өртті сөндіруге 50 адам және 15 бірлік техника жұмылдырылды.

Құрғақ шөптің жануы 07.09.2022 жылы сағат 08.00-де толығымен жойылды.

Жану алаңы 500 га құрады.

Айта кету керек, өрттерді сөндіруге ЖАО, ЖПҚ қызметкерлері және жергілікті тұрғындар да қатысады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button