ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОПШҚО

Өскеменде бірнеше ұрлыққа қатысы бар 9-сынып оқушысы анықталды

Өскеменде бірнеше ұрлыққа қатысы бар 9-сынып оқушысы анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ “102” жедел арнасына облыс орталығындағы балалар үйлерінің бірінің инспекторынан хабарлама келіп түсті. Өтініште белгісіз біреу КММ-нің 16 жастағы тәрбиеленушісінің смартфонын шалбарының қалтасынан ұрлап кеткенін көрсеткен.

Сол күні полиция бөліміне 50 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, оның ұлы қылмыстық әрекеттің құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам уақытша пайдаланамын деп оның кәмелетке толмаған ұлының велосипеді мен ұялы телефонын иемденген.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен орта мектептің 9-сынып оқушысын анықтады. Күдікті екі оқиғаға да қатысы барын мойындады. Алайда заттай дәлелдемелердің бір бөлігі ғана тәркіленді.

Қаскөйдің арбауына тағы екі оқушы түсіп қалғаны анықталды. Зардап шеккендер қоңырау шалуды сұраған белгісіз адамға сеніп, телефондарын беріп, заттарынан айырылып қалған.

Қылмыстың біріне күдікті жігіт өзінің досымен барған екен. Қазіргі уақытта ол да полицейлердің қолына түсті.

Олардың әрекеттерінен жалпы шығын шамамен 770 000 теңгені құрады. Бүгінгі күні жасөспірімдер заңды өкілдердің кепілгерлігіне берілді.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі және ҚР ҚК 190-бабы 1, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button