Абай облысыҚоғамПроблемаСемейТОП

Қыстың қамын қазір қамту қажет

Күзде, ауа-райының суық күндері қарсаңында Семейде жыл сайын көмір қоймаларының жанында байқалатын дүрлікпе өршімеуі үшін «Қаражыра» разрезінің басшылығы ұйымдарға көмір қорын қазірден бастап қамтуды ұсынды.

Компанияда түсіндіргендей, барлығын қажетті отын қорымен үш айда – тамыздан қарашаға дейін қамтамасыз ету мүмкін емес. Негізгі проблемалардың бірі – Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының аумағында тас отынының негізгі жеткізушісі «Қаражыра» көмір разрезінің өнімін тасымалдау үшін бөлінетін темір жол жылжымалы құрамының көлемі шектеулі. Сондықтан оны маусым айынан бастап барлық мүдделі кәсіпорындарға жеткізудің ай сайынғы жоспары жасалды.

«Қаражыра» АҚ маркетинг бөлімінің бастығы Алмат Арсламбаевтың айтуынша, мұндай тиеу кестелері 2021 жылдың соңында әзірленген. Барлық кәсіпорындармен шарттар жасалды, жыл бойы көмірді жөнелту көлемі анықталды. Кестеге сәйкес, шілде айында аталған екі облыстың кәсіпорындары мен энергиямен жабдықтаушы компаниялары үшін 256 мың тонна, тамызда – 306,78 мың, қыркүйекте – 358,143 мың тонна жөнелту жоспарланған. Одан әрі өсу қарқыны бойынша: 436,535 мың тонна – қазанда, 458,528 мың тонна – қарашада және 486,046 мың тонна көмір – желтоқсанда.

Яғни, жыл соңына дейін көмір разрезінен тұрғын үй секторын, өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдарды жылыту үшін 2,532 млн тонна көмір жөнелтілуі тиіс.

  • Өткен жылы жүк тиеуге қатысты шиеленіскен жағдай орын алды. Тамыздан қарашаға дейін көмір жеткізуге деген өтінімдердің саны күрт өсті, – деп түсіндірді Алмат Арсламбаев. – Оны шұғыл түрде энергетиктерге, әлеуметтік объектілерге, кәсіпорындарға және, әрине, халыққа жөнелту керек болды. Біз қарсы келмедік, айтылған көлемді барынша орындауға тырыстық. 2021 жыл оңай болған жоқ – барлығы карантиндік шектеулер режимінен шықты, жаз бойы көмір сатып алуға ақша жетпеді. Бірақ бүгінде жағдай өзгерді, қазірдің өзінде жылыту маусымының келуін күтпей-ақ, отын қорын жасау қажет.

Биыл кәсіпорын алдына көмір өндірудің жылдық көлемін 9,7 млн тоннаға дейін ұлғайту міндетін қойды. Бұған дейін, 2018 жылдан бастап, олар 8 млн-нан 8,3 млн тоннаға дейін көмірді құраған болатын. Яғни, кәсіпорын қатты отынның барлық өндірілген көлемін кеніш аумағында сақтамауға, оның контрагенттерінің қоймаларына уақтылы тиеуге мүдделі.

  • Біз халыққа жазда қыс мезгіліне қажетті отынның барлық көлемін сатып алу қиын екенін жақсы түсінеміз. Көбінің 5-6 тонна көмірді сақтайтын орындары жоқ. Бірақ қазірдің өзінде 2-3 тонна шағын қор жасауға болады, – дейді Алмат Арсламбаев. – Біз әкімдіктерге кәсіпорындармен жұмыс істеуді және жеке секторда тұратын қызметкерлердің тізімдерін жасауды ұсындық, олар екі-үш жалақының есебінен бөліп-бөліп 2-3 тоннадан, ал мүмкін барлық қажетті көлемді сатып алуы үшін. Содан кейін күзде оларға көмірдің шұғыл қорын жасаудың қажеті болмайды.

Кәсіпорын күзгі дүрлігуді болдырмау үшін облыстың энергетикалық және бюджеттік ұйымдары жасаған қатты отынның уақтылы қоры қажет екеніне сенімді. Көмір өндіруші компанияларда көп жылдық тиеу тәжірибесін басшылыққа ала отырып, ШҚО мен Абай облысының энергетикалық кәсіпорындары жылына 3,6 млн-нан 3,7 млн тоннаға дейін көмір тұтынады деп айтады. Өзінің шағын қазандықтары бар әлеуметтік нысандарды жылыту қажеттілігі үшін 115-120 мың тонна қажет. Қажетті көлемнің 30-40% қорын жаз айларында жинап алған ұйымдарға күзгі кезеңде көмірді жөнелтудің жалпы жағдайына оң әсер етуі мүмкін.

  • Энергетиктерге келетін болсақ, оларда отын сақтауға арналған арнайы қоймалар бар және олар технологияны сақтай отырып, бұл қорды жылыту маусымы басталғанға дейін сақтауды біледі. Әрине, әлеуметтік нысандарда мұндай қоймалар жоқ. Сондықтан оларға 30-40%, яғни алғашқы бірнеше аптада немесе екі айда жинау жеткілікті. Қиын жағдай орын алған кезде, біз алдын ала әзірленген кестеге сәйкес көмір жеткізуді қайта бастаймыз, – деп ұсыныс жасады Алмат Арсламбаев.

Қазірдің өзінде көмір қоры Өскемен мен Семейдің теміржол тұйықтарында да бар, оны қалалар мен аудандардың тұрғындары сатып алуда. Мәселен, мамыр айында Өскемен қаласына 12 мың тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір, Семейге 6 мың тонна көмір жөнелтілді. Алайда, тұйыққа тірелген компания басшыларының айтуынша, қазір халық көмірді сирек сатып алады. Мысалы, Өскеменде ауысымда 100-200 тоннадан ғана тиеледі. Бұл ретте халықтың көмірді жылдық тұтыну көлемі 1,1-1,2 млн тоннаны құрайды. Жыл соңына дейін жасалған тиеу жоспарына сәйкес Семейге 174,5 мың тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір, ал жалпы Шығыс Қазақстан станциясына – 456,2 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған.

Көмір бағасы 2022 жылы кеніш бортында теміржол тарифінсіз тұрғындар үшін тоннасына 5 500 теңгені құрайды (2021 жылы – 4 946 теңге). Энергетикалық кәсіпорындар үшін көмірдің бағасы теміржол тарифінсіз тоннасына 3 700-3 900 теңгені құрайды.

Ол халыққа жеткен кезде баға екі есе өседі. Қазір жеке сектордың тұрғындары тас отынын тоннасына 10 мыңнан 12 500 теңгеге дейін сатып ала алады (бұл маусым айындағы баға). Маусым айынан бастап қатты отынның бағасы өсіп, қазіргі уақытта 14 мыңнан асып жығылады. Бұл қатып қалған баға емес, ауа-райының суытуына байланысты бұл баға тағыда өсуі ықтимал.

«Теплокоммунэнерго» МКК тарапынан ұйым алдындағы қарызы бар жағдай одан да алаңдатарлық болып отыр. Семейдің жылумен қамту ұйымының көмірге қарызы 750 млн теңгені құрады. Бұл мәселе қалай шешілетінін ешкім айта алмайды. «Қаражыра» АҚ Семей энергетиктеріне қатысты сот талап-арыздарын дайындап қойды, сол кезде борышкерге қарызды төлеп қана қоймай, барлық сот шығындарын да өтеуге тура келеді. Мамыр айында «Қаражыра» АҚ «Теплокоммунэнерго» МКК-ны маусым және шілде айларына көмірді тиеу тізімінен шығарды. Қарыз өтелмейінше, кәсіпорынның көмір алуы екіталай. Бұның салдары қиын болуы мүмкін.

Семейде осындай жағдай жылдан жылға туындайды. Отын қарызды өтегеннің орнына, «Теплокоммунэнерго» МКК басшылығы бюджет тарапынан қаржылай көмек қажет екенін мәлімдейді. Басты себеп – қолданыстағы тарифтің кәсіпорынның нақты шығындарына сәйкес келмеуі. Осыдан барлық қиындықтар мен миллиондаған жылдық қарыздар.

  • Шығыс Қазақстан мен Абай облысы кәсіпорындарының «Қаражыра» АҚ алдындағы жалпы қарызы өткен жылыту маусымында 2,6 миллиард теңгеге жетті. Бұл үлкен сома, – деп атап өтті Алмат Арсламбаев. – Егер біз оны қайтара алмасақ, кәсіпорын көмір өндіру бойынша жоспарларды іске асыра алмайды, қажетті отын қорын жасай отырып, жаңа жылыту маусымына уақытылы дайын болуы екіталай. Бізге қаражат жетпейді.

Сондай-ақ көмір өндіруші компания көмірді тиеудің ең жоғары кезеңінде де олар тәулігіне 420-450 вагоннан (6-7 құрам) артық тией алмайтындықтарына ерекше назар аударады. Теміржолшылар осындай көлемін ғана ұсына алады. Қазір жөнелту көлемі тәулігіне орта есеппен 248 вагонды, яғни 3-4 құрамды құрайды.

Сонымен қатар, ұйым теміржол тасымалы үшін тек жүз пайыз алдын-ала төлеммен төлеуге міндетті, әйтпесе жүйе вагондарды көмір кенішіне жеткізуді бұғаттайды. Егер қарыздар уақтылы қайтарылмаса, жер қойнауын пайдаланушыларға теміржол қызметтерін төлеуге қаражат болмайды. Бір ғана нәрсе қалады – облыс энергетиктері жиналған қарыздарын өтеп, жаңа жылыту маусымының басталуына қарай көмір қорын жасауы үшін барлық мүмкіндіктер мен резервтерді іздестіру қажет.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button