Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде өрт кезінде ер адам балаларды құтқарып қалды

Семей тұрғыны өрт кезінде балаларды құтқарды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 қыркүйекте сағат 15:55-те кезекші пультіне Қарағайлы шағын аудандағы үйдің 9-қабатында пәтер жанып жатыр деген хабарлама келіп түсті.
2-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушылары дереу оқиға орнына шықты.

Белгілі болғандай, бөлмеде 2 ш.метр ауданында жеке заттар жанып жатты. Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндірілді.

Өрт кезінде пәтердің ішінде 4 бала болғаны анықталды. Сәті түсіп, балаларға көмекке көршісі келді. Қылтима арқылы ол пәтерге кіріп, балаларды құтқарды.

1986 жылы дүниеге келген ер адам қылтимадағы өрт баспалдағымен эвакуациялық люк арқылы балаларды 8-ші қабатқа түсірді.

Толық тексеру үшін балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button