Абай облысыҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Абай облысынан қостанайлықтарға бес мың тоннаға жуық өнім жиналды

Абай облысының тұрғындары зардап шеккен қостанайлықтарға бес мың тоннаға жуық өнім жинады, – деп хабарлайды Semeynews.kz. 

Абай облысында өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Жиынға AMANAT партиясы облыстық филиалының, “Жастар рухы” партиясы Жастар қанатының және жастар ресурстық орталығының өкілдері бастамашы болды. Облыстың жанашыр тұрғындары отандастарына азық-түлік, тұрмыстық тауарлар мен киім-кешек әкелді.

“Бүкіл ел бойынша “Жастар рухы” жастар қанатының 1200-ге жуық белсенділері гуманитарлық көмек жинаумен белсенді айналысуда. Қала мен облыстың жанашыр тұрғындары да барынша көмек көрсетуде. Гумкөмек жинау кеше таңертең басталды және бүгінгі күні 5 мың тоннаға жуық өнім жиналды. Енді гуманитарлық көмек жөнелтілетін болады”, – деді Amanat партиясының “Жастар рухы” жастар қанаты қалалық филиалының жетекшісі Темірлан Бақтияров.

Гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы бүгін кешке жіберіледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button