Абай облысы Жарма ауданының әкімі тағайындалды
Абай облысы Жарма ауданының әкімі лауазымына Жарқынбек Борашұлы Байсабыров тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жарқынбек Борашұлы 1969 жылы Үржар ауданы Бірінші май ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.
Атап айтқанда, 1992 жылы Семейдің зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын, 2008 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетін аяқтаған.
«Құрмет» орденінің иегері.
Еңбек жолын 1992 жылы «Калинин» калхозында бастады.
1998-2004 жылдары «Ерасыл» шаруа қожалығының басшысы, 2004-2006 жылдары Некрасов ауылдық округінің әкімі болған.
2006-2008 жылдары аралығында Жоғары Егінсу ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарса, 2008 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың қарашасына дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.
2017-2021 жылдары Абай ауданын басқарған.
2021 жылдан осы уақытқа дейін Бесқарағай ауданының әкімі болды.
Semeynews.kz