Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейлік тұрғын Павлодар тұрғынына көлік сыйлады

️Семей тұрғыны Асылбек Андабаев ЖКО-ға тап болған павлодарлық зейнеткер Ефим Никитичке ЗАЗ-968 көлігін сыйға тартты, – деп хабарлайды Semeynews.kz @semey24 паблигіне сілтеме жасап.

– Әлеуметтік желілерде сынған Запарож жанында жылап тұрған қартты көрген бойда, мен оған бірден көлікті беруді шештім. Менің гаражымда дәл сондай, 1982 жылы шыққан көлік тұр. Ол жүріп тұр. Техникалық байқаудан өткен, сақтандыруы да бар, барлық құжаттарды кілттермен бірге бүгін Ефим Никитичке тапсырдым, уәде еткендей, – деді @Pavlodarnews.kz Асылбек Андабаев.

85 жастағы зейнеткер Асылбек Андабаевқа алғыс айтып, абайлап жүруге уәде берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button