
ШҚО-да жиналған 90 тонна пішен өртеніп кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қатонқарағай ауданының Солдатово ауылында ашық аумақта жиналған 90 тонна шөп өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері отты жойды. Өрттің себебі – шөп жинайтын тракторда ұшқын сөндіргіштің болмауы.
Semeynews.kz