Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы елдің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысына тоқтала отырып, Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі 9 бағытын айқындап берді. Бұл пікірді Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков білдірді.
Оның ішінде мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына сын айтты. Жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерді. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сондай-ақ шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту заң үстемдігін орнықтыру негізгі бағдар етіп, ұстануымыз қажеттігіне айрықша тоқталды.
Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарында болмақ. Экономиканы одан әрі дамыту үшін нақты институционалдық шешімдер қабылдау, бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсетіліп, мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады деп атап көрсетті. Қоғамда қордаланған түйткілді жайттар мен олардың шешу жолдары туралы айтқан Президентіміз барлық саладағы түйіндердің жүйелі тарқалатынын жеткізді. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет»- деді.
Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтік әділеттілік, тиімділік және бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына негізделген сапалы жаңа вектор мен дамудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдың тұтас стратегиясын белгіледі. Жолдау Қазақстанның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудың барлық басты бағыттары бойынша нақты тапсырмаларды қамтиды.
Жолдаудағы екінші бағдар нақты секторды дамыту бағытында экономиканың өсуіне қатысты бірінші кезектегі басымдықтардың бірі ел экономикасын қалпына келтіру, экономикалық аймақтан жер телімін жеке меншікке беру мәселесін шешу арқылы аймақтарды дамытуды жалғастыру мәселелеріне тоқталды.
Үшінші бағдар ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция
Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, денсаулық сақтау сапасын және ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелеріне жан-жақты тоқталып Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды.
Жолдаудың басым бөлігі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық және халықтың әлеуметтік мәселелеріне арналды. Ауыл шаруашылық кешенін дамыту үшін тез арада Үкіметке жоспар құруға тапсырма берді.
Сондай-ақ, қазіргі қоғам білімді жастардың қоғамы. Сондықтан әрбір жас бүлдіршінге мектепке дейінгі оқу-тәрбие берілуі керектігін, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту және білімді ұрпақтың ел болашағы үшін «жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алу қажеттігін атап көрсетті. Жоғары оқу орындарында студенттердің жатақханамен барынша қамтамасыз ету, жастардың салауатты өмір салты мен шығармашылығына ерекше көңіл бөлу міндетін қойды.
Ұстаздық бағыттағы мамандықтардың абыройын арттыруға өзгерістер жасалынып, педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандартын қабылдау қажеттігіне және ғылым саласын дамытуға ерекше назар аударғанын байқауға болады. Қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетіні ашық жеткізді. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.
Жолдауда көрсетілген ел экономикасын және мемлекет басқаруды түбегейлі өзгертудің қажеттілігі заман талабы екенін айта келе, Президент қазақстандықтардың болашақтағы дамуына жан-жақты сарапталған өзгерістер жасау арқылы қарыштап ілгерілейтінімізді тілге тиек етті.
Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетеді. Мемлекет басшысының жаңа экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайға байланысты ел тағдырын жан-жақты талдап, дамудың стратегиясын көрсеткен бүгінгі Жолдауын қолдай отырып, оны іске асыру үшін барлық біліміміз бен тәжірибемізді жұмылдырамыз!
Semeynews.kz