Абай облысыБілімҚоғамСемейТОП

Білім күні Семейде жаңа мектеп ашылды

Бүгін жаңа мектепте алғашқы қоңырау Шығыс сол жақ массивінің оқушылары үшін соғылды. Мұнда білім күні 1200 орындық жаңа мектеп ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Алғашқы қоңырау үнімен әр адамның жеке тұлға және азамат ретіндегі қалыптасуы басталады. Сіздерге білімдеріңізді жетілдіріп, жарқын жетістіктерге жетіп, жаңа белестерді бағындыруды тілеймін!»,- деп құттықтады Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов .

Биыл бірінші сыныпқа Абай облысынан 10 280 бала барды. Оқушы орындарының тапшылығын қысқарту мақсатында биыл 1700 орынға арналған 4 мектеп ашылды, ал 2025 жылға қарай 5100 орынға арналған 11 жаңа мектеп салу жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button