Абай облысыҚоғамСемейТағайындауларТОП

Абай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Абай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына Амангелді Берік Амангелдіұлы тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы бұйрығы бойынша облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымына бұрын Атырау облысы ПД бастығының орынбасары қызметін атқарған полиция полковнигі Амангелді Берік Амангелдіұлы тағайындалды.

Амангелді Берік Амангелдіұлы 1969 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген, ішкі істер органдарындағы жалпы жұмыс өтілі – 31 жыл.

Еңбек жолын 90-шы жылдары Көкшетау қалалық ІІБ милиция қатарынан бастаған. Қызмет еткен жылдары әртүрлі басшылық лауазымдарда, соның ішінде Атырау облысы ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы, Атырау облысы ІІД көші-қон полициясының бастығы болып қызмет атқарса, 2017 жылы Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бекторе бірінші орынбасары Берік Амангелдіұлын жеке құрамға таныстыра отырып, оның алдына бірқатар міндеттер қойды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button