Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысының полицейлері жаппай төбелеске қатысушыларды анықтады

Абай облысының полицейлері бұзақылыққа күдіктенген жастарды ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы бойынша ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 тамызда әлеуметтік желілерде  Шар қаласының аумағында бір топ жас жігіттер арасындағы жанжалдың бейнежазбасы тарала бастады.

Аталған факті бойынша дереу тексеру басталды, оның барысында осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, жанжалдың барлық мән-жайлары анықталуда.

Қазіргі уақытта Шар қаласында жедел жағдай тұрақты.

Бұл факт Абай облысы полиция департаментінің бақылауында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button