Семейде көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен бір адам зардап шекті
Семейде көпқабатты үйде өрт шықты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 тамыз күні сағат 18:13-те “112” кезекші пультіне Юность шағын ауданында 5 қабатты үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндіруші-құтқарушылар жатын бөлмесінде кереует пен жатын бөлме керек-жарақтарының жанып жатқанын анықтады.
“2 ересек адам мен 4 баланы эвакуациялап, қызметкерлер сағат 18:40-та өртті толығымен жойды. 27 литрлік газ баллоны қауіпсіз аумаққа шығарылды”, – деп түсіндірді ТЖД.
Өрттің жалпы ауданы 4 шаршы метрді құрады. 1940 жылы дүниеге келген әйел адам жану өнімдерімен улану белгілерімен ЖМЖС жеткізілді. Өрт шығуының алдын ала болжамы – отты абайсыз қолдану.
Semeynews.kz